«Қазақты азғырады»: Отандық танымал сазгер Алагөзованың жобаларын сынады — новости Казахстана

0

Елімізге танымал сазгер Жарылқасын Дәулет атышулы продюсер Баян Алагөзованың көпшілікке ұсынған жобаларына қарсы шықты деп жазады «Хит-тв» арнасының «Headliner» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Баян Алагөзова, Жарылқасын Дәулет. Фото: today.kz, Асыл арна. Коллаж: NUR.KZ

Баян Алагөзова, Жарылқасын Дәулет. Фото: today.kz, Асыл арна. Коллаж: NUR.KZ

Композитор көгілдір жәшіктен көрсетілетін отандық туындыларға қатысты ойын жасырмай, жайып салды.

Айта кетейік, Баян Алагөзова осыған дейін халыққа өзі продюсерлік еткен бірнеше фильмдер мен сериалдарды ұсынған болатын.

Олардың көбісі жұрттың көңілінен шықса, «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» сериалы сәтсіздікке ұшырады.