Қазақтелекомның 30%-ға жуық акциясы мемлекетке қайтарылды

0
55

Қазақстан Үкіметі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады, — деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

«Сыйға тарту шарты бойынша «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95 пайызын құрайтын 2671481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын», — делінген қаулы мәтінінде.

Сондай-ақ «Alatau Capital Investment» ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85 пайызын құрайтын қоғамның 413412 жай акциясын республикалық меншікке береді.

(фото: informburo.kz)