Қазақтелеком Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімді бұзатынын мәлімдеді

0
131
Фото tengrinews.kz сайтынан алынды

«Қазақтелеком» АҚ Әлия Назарбаеваға тиесілі «Instant Payments» ЖШС-мен арадағы келісімшартты бұзуға ниетті, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz сайтына сілтеме жасап.

«Instant Payments» компаниясымен келісімшарт тоқтатылатын болады. Осы компаниямен ынтымақтастықтың аяқталу мерзіміне келетін болсақ, келісім-шарт ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бұзылуы мүмкін», — делінген хабарламада.

Еске салсақ, 5 ақпанда «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ (ҚТЖ) электронды теміржол билеттерін шығару және сатумен айналысатын Instant Payments компаниясымен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғанын хабарлады.

Instant Payments компаниясының негізін қалаушы – тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева.