«Қазақтарды толығымен қыру керек»: Германияда 9 адамды өлтірген адам геноцидке шақырып үндеу қалдырды — Қазақстан жаңалықтары

0

Франкрутта тоғыз адамды атып өлтірген неміс азаматы өзін және анасын өлтірмес бұрын интернетте үндеу жариялаған. Онда ол барлық «өзге мәдениет пен нәсіл өкілдерін қыруға» шақырған. 
Билік қылмыскердің 43 жастағы Тобиас Р.  есімді азамат екенін анықтаған. Ол сәрсенбі күні кешке кальянханада, кафе мен қаланың басқа жерлерінде атыс ұйымдастырып, тоғыз шетелдік азаматты, соның ішінде түріктерді өлтірген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post-қа сілтеме беріп.


Германияның канцлері Ангела Меркель бейсенбі күні елдегі ұлтшылдық белгілерін айыптап, елді бөліп-жармақшы болатындарға қарсы тұруға шақырды. 
«Қылмыскер экстремистік, ұлтшылдық көзқарастары негізінде әрекет еткенін дәлелдейтін дәйектер көп. Демек, діни ұстанымдары бөлек, өзге ұлт өкілдері мен нәсілділерге деген өшпенділігі болған»,-деді канцлер. 
Федералды прокурор Питер Франк лаңкестің өзінің сайтында видео мен 24 беттік  өшпенділікке толы үндеухат жариялаған. 

«Жеке парақшасына ақылға қонымсыз, қастындыққа, ұлтшылдық көзқарастарға толы видеоүндеу жариялаған»,-дейді Питер Франк. 
Сайтта ер адам өзін Тобиас Ратхен деп атады, бірақ Франк немістің құпиялылық туралы заңына сәйкес аты-жөнін жарияламаған.
Гесс штатының ІІМ Питер Беут қаруланған қылмыскердің осыған дейін сотқа тартылмағанын айтты. 

Өз үндеуінде қылмыскер мемлекет тарапына бақылауға түсетінін айтып қорқынышын білдірген. Өзін әйелдермен қарым-қатынасы болған деп айыпталуы мүмкін екенін жеткізген. 
Ол жазбасында өмірінде ешқандай әйел болмағанын, тіпті құрбыларының да болмағанын атап өткен.
Соңғы 18 жылда әсіресе ешкіммен байланыспаған, оның себебін өзін кейін түбегейлі зерттейтінін білгендіктен істеген. 
Сондай-ақ,  қылмыскер адамдарды геноцидке шақырған. 
Қазір әлемде түрлі ұлт, этникалық топтар, мәдениет бар, олардың бәрі барлық жағынан қауіпті. Өз сөзінде ол әлемді «толық тазалау» мен «жеңіл тазалау» жайлы айтып, сол арқылы әлемдегі халық санын екі есеге қысқартуға болатынын айтады. 
Аталған елдер толық жойылу тиіс:  «Марокко, Алжир, Тунис, Ливия, Египет, Израиль, Сирия, Иордания, Ливан, Австралия аралдары, Түркия, Ирак, Иран, Қазақстан, Түркменстан, Өзбекстан, Үндістан, Пәкистан, Ауғанстан, Бангладеш, Вьетнам, Лаос, Камбоджа и Филиппин аралдары»,-деп жазады ол.
Ол Ирак пен Ауғанстанға басып кіруді қоса алғанда, нақты оқиғалар, сондай-ақ «Жұлдызды әскер» («Starship Troopers»,“Look Who’s Talking” ) сияқты голливуд фильмдерінің сюжеттері оның идеялармен астасатынын айтты.

Автор сонымен қатар президент Трамптың позициясын мақұлдағанын айтты.

«Дональд Трамп менің кеңестерімді саналы түрде орындайтынына күмәнім бар»,-деп жазған ол.

YouTube-те жарияланған  видеосында Ратхен барлық американдықтарға ағылшын тілінде сөйлеп, жасырын әскери базалардағы балаларды қорлау, түрлі жоралғы әрекеттері орын алатынын айтып, адамдарды сары басылымдарға  сенбеуге шақырды.

Айта кетейік, сәрсенбі сағат 10-да қылмыскер кальянханаға оқ жаудырып, бірнеше адамды жаралап, бірнеше шақырып жүрген соң кафе, даладағы адамдарға оқ атқан. Көз жұмғандардың бесеуі түріктер болғанын Түркия елшісі айтты. 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қиян-кескі шабуылды айыптап, Германия билігі жағдайдың  барлық аспектілерін анықтауға күш-жігерін салатынына сенім білдірді.

Кейінірек Ратхен үйінде анасымен бірге өлі күйінде табылды.

Билік оның жалғыз әрекет еткенін, айтса да, федералды прокурор «тергеудің мақсаты қылмыскердің шабуылды жалғыз ұйымдастырып-ұйымдастырмағанын білу, оны қолдайтын адамдардың бар-жоғын анықтау» деді.

stan.kz