«Қазақтарда түркілік ой-сана жақсы қалыптасқан». Блогер Қазақстан не себепті түркі дүниесінің орталығы болуы керектігін айтты – Қазақстан жаңалықтары

0

YouTube платформасында «Тюрки национал социалисты» атты каналы бар блогер Айнар Бұран есімді түрік азаматы  «Қазақстан не себепті түркі дүниесінің орталығы болуы керек» деген сұраққа жауап берген. Блогердің бұл видеосы желіде қызу талғыға түсуде, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазақстан не себепті түркі дүниесінің орталығы болуы керек» деп аталатын видеосында Айнар Бұран мынадай себептерді алға тартқан: 

«Біріншіден, түркілік ой сана қазақтарда жақсы қалыптасқан, мұны түркі халықтарының ішіннен қазақ халқының белсенділігінен байқауға болады. Басқа түркі халықтарында мұндай белсенділік байқалмайды. Бішкек пен Ташкент те түркілік құндылықтарды дәріптейтіндер аз.

Екіншіден, Қазақстан өзінің жер көлемі бойынша түркі халықтарының ішіндегі ең ірісі, табиғи ресурсы бойынша ең бай елдер қатарында.

Үшіншіден, Қазақстанның экономикалық дамуы басқа елдерге қарағанда әлдеқайда жақсы және оның беделі бар.

Осы факторларды ескере отырып, Қазақстан түркі дүниесінің орталығы болуы керек, ал қалған түркі халықтары қазақтың маңында ұйысса болады.

Блогердің ұсынысы бойынша, орталық астанасы – Алматы қаласы, я болмаса Астана бола алады», – дейді ол.

Одан бөлек, блогер Қазақстанға Израиль әскери моделін енгізіп,  қуатты әскери держава жасау керектігін де атап өткен.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз