«Қазақтар қу келеді»: Аршавин Қазақстандағы өмірі туралы айтты (видео)

0

Осы аптаның аяғында «Қайрат» командасында соңғы рет ойнайтын Андрей Аршавин өзінің Қазақстандағы өмірі жайлы айтып берді. Үш жыл бойы Алматыны мекен еткен ресейлік футболшы танымал влогер Евгений Савинге берген сұхбатында бар сырын ақтарды деп жазады NUR.KZ.

Андрей Аршавин Фото: inAlmaty.kz

Андрей Аршавин Фото: inAlmaty.kz

«Қазақстанда сен қазақ, анау орыс деп бөліну мүлде жоқ. Өйткені бұл елде түрлі ұлт өкілдері тұрады. Қазақстаннның жақсы жері осы.

Бұл елде әркім өзін барынша еркін сезіне алады. Орыс тілінде сөйлейтіндер қатары да көп. Егерде қазақша білмейтін болсаң, ешкім оны бетіңе баспайды» , — деді Аршавин.

Оған қоса, ардагер футболшы Қазақстандағы өмірінің кем тұстарын да айта кетті.

«Негізі қазақтарды қу халық деп атайды. Бірақ бұл тұтас ұлтқа емес, жекелеген адамдарға байланысты дүние ғой» , — деп қорыта кетті өз сөзін аяқдопшы.

Айта кетейік, бұған дейін Андрей Аршавиннің «Қайраттан» кететіні туралы хабарлаған болатынбыз. Ресейлік футболшы алматылық клубпен қоштасқан соң, қайда ойнағысы келетінін мәлімдеген.

Оған қоса, Аршавин көк базарда қазақша сөйлеп, жылқы етін сатып алған видеосы желіде қызу талқыға түскен болатын.