Бағдат Сәмединова: Қазақтар бастапқыда Димашты мойындай алмап еді

0

Негізгі деректер бойынша канадалық әнші Селин Дионның диапазоны 5 октава есептеледі. «All by myself»  оның репертуарындағы ең қиын әндердің бірі! Десе де, Димаш  «The World’s Вest» байқауының  екінші кезеңінде туындыны алты октавамен алып шығып, әлем назарын тағы бір мәтер өзіне аударды.

«Өзіңіз ойлаңызшы жалпы әншілер бір жарым екі октава, одан әрі аспайды. Ал, енді опера әншілері босла, 2 я 2 жарым октава! Ал, енді Димаштың диапазонын алсақ 4 одан әрі кетіп жатыр!»,  — дейді әнші Бағдат Сәмединова.

Иә, Димаштың даусы расыменде әлемде өте сирек кездеседі! Оны алысқа бармай-ақ, конкурстағы әділ қазылар алқасының эмоцияларынан-ақ, байқауға болады, деп хабарлайды Евразия.

Өкініштісі, 325 млн азаматы бар Американы аузына қаратқан әнші кезінде Қазақстанда онға жуық әділ-қазылар алқасынан оң баға ала-алмап еді. Араларында, журналист Игорь Сахардың көрегендігі бар-екен әйтеуір!

«Бұндай ерекше дауыс! Мыңдаған адамның бірінде ғана болады! Өкінішке орай біздің Қазақстанда ондайды түсіне бермейді», — деген еді ол.

Айтқаны бүгінде  айдай келіп, Димаш тек ұлы даланың емес, ғаламның баласына айналды! Ол музыкада шектің де, шекараның да болмайтындығын тағы бір мәрте дәлелдеп, талай  ұлт пен ұлысты әнімен ұйытып, миллиондарды біріктірген күшке айналды.

«Біз тереңіне бара бермедік те! Біздің қазаққа тән қасиет! Ылғи да бір жаңалық көрсек мойындамай тұрамыз! Мойындамаймыз да ол мойындатқанда ғана мойындаймыз!», — дейді Бағдат Сәмединова.

stan.kz