Қазақстанның жемқор шенеуніктері туралы ақпарат қолжетімді болады
Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандардың барлық деректері орналастырылатын жалпыға қолжетімді реестр жасау жоспарланып отыр, — деп жазады Kznews.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы «Антикор» баспасөз қызметі хабарлайды.
Бұл жұмыс берушілерге әлеуетті үміткердің тазалығы мен мінсіздігін тексеруге мүмкіндік береді деп санайды департамент.
«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту ұсынылып отыр.Сонымен қатар Парламентте пара беруге уәде беру мен ұсынуды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда» деп түсіндірді Антикор.
Пара беру туралы ұсыныс ауызша немесе жазбаша, оның ішінде электрондық нысанда, пара беру туралы түсінікті мәлімет, уәде беру уақыты, орны және беру тәсілі туралы хабарлай отырып жіберілуі тиіс.
Бұған дейін Антикор 15 қыркүйектен бастап Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрескерлерді марапаттау ережесі күшіне енетінін хабарлаған болатын. Тәжірибе жаңа емес, бірақ қазір ол ресми түрде бекітілді.
Қазақстандықтар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлағаны үшін сыйақы алатын болады. Ол үшін 1424 нөмірі бойынша Aнтикор байланыс орталығына сенімді деректерді беру қажет.
фото: kapital.kz