Қазақстанның жаңа Сыртқы істер министрі тағайындалды

0
Қазақстанның жаңа Сыртқы істер министрі тағайындалды


Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев еліміздің Сыртқы істер министрлігі ұжымына ведомствоның жаңа басшысын таныстырды.

«Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын», — делінген Әсет Исекешев жария еткен Елбасының Жарлығында.

Осыдан кейін сөз алған Қайрат Әбдірахманов ҚР Сыртқы істер министрлігіне ұдайы қамқорлық көрсетіп келе жатқан Мемлекет басшысына ризашылығын білдірді. Бейбіт Атамқұлов Алматы облысында дүниеге келген. Инженер-металлург мамандығы бойынша Қазақ политехникалық институтын, сондай-ақ экономист мамандығы бойынша Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1 класты кеңесшінің дипломатиялық дәрежесі бар.

Әр жылдары Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің және Иран Ислам Республикасындағы елшілігінің кеңесші-елшісі, Малайзия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметтерін атқарды. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып 2016 жылы қазанда тағайындалған болатын.