Қазақстанның жаңа бас прокуроры тағайындалды

0

Бүгін, 18 наурызда, Қайрат Қожамжаров Қазақстанның бас прокуроры қызметінен кетіп, оның орнына жаңа бас прокурор тағайындалды. Елбасының тағайындауымен, бұл қызметке Ғизат Нұрдәулетов келді.

Қайрат Қожамжаров өзге жұмысқа ауысуына байланысты бас прокурор қызметінен босатылды.

«Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының бас прокуроры болып тағайындалсын», — делінеді хабарламада.

Ғизат Нұрдәулетов бұған дейін бас прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарған.

stan.kz