Қазақстанның үш қаласында дәрігерлер коронавирус жұқтырды

0

Республиканың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында медицина персоналына арналған инфекциялық қауіпсіздік шаралары қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында медициналық қызметкерлер коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Жаңа қаулыда медицина персоналы үшін қауіпсіздік шаралары қарастырылған. Өкінішке қарай, бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында медициналық қызметкерлер ауруға шалдықты. Қаулыда медицина персоналының инфекциялық қауіпсіздігінің шаралары, сонымен қатар жұмыстың сипаты мен қауіптілігіне қарай жеке қорғаныш құралдарына талаптар қарастырылған», деді Есмағамбетова.

Барлығы елімізде 369 адам індетке шалдықты. Науқастардың ең көбі астанада – 184, Алматыда – 84 және Қызылорда облысында – 24 тіркелген.

Дәрігерлерге төленетін үстемеақы

Бұған дейін үкімет коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне берілетін үстемеақының мөлшерін жария етті.

Төлем вирусты жұқтыру қаупі бар үш топқа 3 ай ішінде төленеді.

  • «Қауіптілігі аса жоғары» — жансақтау бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемақы 20 ең төменгі жалақыны құрайды (Жалақының ең төменгi мөлшерi – 850 мың теңге);
  • «Қауіптілігі жоғары» – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемақы 10 ең төменгі жалақы – 425 мың теңгеге тең;
  • «Қауіптілігі орташа» – карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және т. б. Үстемақы 5 ең төменгі жалақы- 212,5 мың теңгені құрайды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз