Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0
Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды


Батыс Қазақстан, Қостанай және Жамбыл облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды. 

23 қарашада Батыс Қазақстан облысы бойынша күндіз кей жерлерде бұрқасын болып, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.        

23 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болуы ықтимал.

22 қарашада күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында  30 м/с болады.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз