Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0
108

2018 жылғы 27 желтоқсан 17:10 318

Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанай, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

28 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

28 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жаууы ықтимал. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, әуелі оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысатын жел екпіні 9-14 м/с дейін жетеді, кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с дейін барады.

28-30 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, көктайғақ болады.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz