Қазақстанның Ұлттық медиа ассоциациясына жаңа басшы тағайындалды

0

Қазақстанның Ұлттық медиа ассоциациясына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz

Басшылыққа Кемелбек Ойшыбаев тағайындалды. Өз facebook парақшасында бұл маңызды қадамның бастамасымен бөлісті.

Бүгін мені Қазақстанның Ұлттық медиа ассоциациясының басшылығына сайлады. Менің кандидатурамды ұсынған әріптестеріме жане барлық 100 пайыз дауыс беріп қолдаған ассоциациясының мүшелеріне алғысымды білдіремін.

Республикалық телеарналар мен жарнамалық агенттіктерді біріктіретін медиа ассоциаясының алдында саламызға қатысты маңызды талаптар қойылған. Оның қатарында БАҚтардың мүддесін қорғау, медиа-өнімдердің халықтың тарапынан қабылдануын зерртеу, медиа-өлшем өткізу жұмыстарын ұйымдастыру.

Медиа ассоциациядағы қызметім жалақысыз болатынына келістік, себебі менің басты талабым ол жұмысты өзімнің жеке шаруаммен қатар жүргізіп отыру мүмкіндігі болатын.

Бастысы, мемлекеттік қызметтен кеткеніме қарамастан БАҚ саласының дамуына өз үлесімді әрі қарай қосып отыру мүмкіндігі болғаны. Барлық әріптестеріме тағыда алғысымды білдіре отырып, алдыма қойылған мақсаттарды орындауға бар күшімді салатынымды жеткізгім келеді.