Қазақстанның Украинадағы елшісі журналистен кешірім сұрады (Фото)
Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Қалетаев журналист Махамбет Абжанға ескерту жасап, денсаулығын ойлауды айтқан.
– Дархан Қалетаев менің Ulysmedia.kz-ке шыққан мақалама ренжіп, маған «денсаулығымды ойлауыма» кеңес берді. Сұхбат беру және өз ұстанымын айту туралы ұсынысқа ол: «Русский корабль» деп жауап берді. Дипломаттың этикасы осындай, – деп жазды журналист телеграм арнасында.
Кейін журналист Дархан Қалетаевтың кешірім сұрағанын айтып, мәселеге нүкте қойылғанын мәлімдеді.
– Дархан Қалетаев кешірім сұрады. Менің ойымша, сұрақ осымен аяқталды, – деп жазды ол.