Қазақстанның туристік брендінің тұжырымдамасы тұңғыш рет қоғамға ұсынылады
Астанада өтетін Travel Media Talks форумы барысында таныстырылады.
2018 жылдың 7-желтоқсанында Қазақстан астанасында алғашқы тұжырымдамалық форум өтеді. Бұл шарада Travel Media Talks, яғни отандық туризм индустриясын дамыту тетіктері қарастырылады.
Жобаның мақсаты – Қазақстанда туризм саласының қалыптасуына әсер ететін ерекшеліктерін талқылау. Сондай-ақ цифрлану бағытында дамып жатқан әлем көшінен қалмау үшін қандай қадамдар қажет екенін анықтау.
Шара барысында тұңғыш рет еліміздің туристік брендінің тұжырымдамасы таныстырылады. Сонымен қатар бұл құжатты медиа-индустрия және маркетинг саласында пайдалану мүмкіндіктері сөз болады.
Бір күн ішінде туризм және медиа саласындағы 6 елдің сарапшылары өз идеяларымен бөліседі. Бұл форумға қазақстандық сарапшылары мен Үндістан, Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстаннан келген қонақтары қатысады.
Шараға салалық мемлекеттік ведомстволардың қызметкерлері, кәсіпкерлер, туроператорлар, қауымдастықтар мен агенттіктердің және БАҚ өкілдері, блогерлер, қоғам белсенділері мен т.б. қатысатынын да атап өткен жөн.
Бұл жоба барысында пікірталастар және TED Talks сынды әлемдік тәжірибеде жиі қолданылатын формат сахнаға шығып сөйлеуге де мүмкіндік беріледі. Яғни, әр спикерге белгілі уақыт беріліп, ол өзінің идеясын, не баяндамасын ұсынады. Шеберлік сағаттары да өтеді.
Форумның тақырыбы – «Жаһандық цифрландыру дәуіріндегі туризм: жаңа ұрпаққа бағдар». Шара бағдарламасын бойынша панельдік пікірталастар мен шеберлік сағаттары өтіп, сондай-ақ жаһандық трендтер мен болашақта туризмнің қалай дамитынына қатысты болжамдар жайлы эксклюзив бейнематериалдар таныстырылады.
Қазіргі заманның саяхатшысы қандай және жаңа технологиялар оны қалай өзгертеді? Қазақстан өзіндік туристік брендін қалыптастыра алды ма? Бұл саланы дамытуға кедергі болып тұрған басты себеп не? Туристік маркетингте неліктен сторителлинг, контент-маркетинг және ивент-менеджмент сынды құралдар басқаларына қарағанда тиімдірек? Туризм индустриясы аудиориямен байланыс орнатар кезде қандай кедергілерді еңсеруі тиіс? Осы және басқа да сұрақтарға Travel Media Talks спикерлері жауап береді.
Шарада сөз сөйлейтіндер:
— Дикшит Мундра –Nat Geo жиһанкезі, фотограф (Үндістан)
— Ольга Чередниченко — «Эксмо» баспа үйінің 25 саяxат нұсқаулықтарының авторы, Медиа мектептегі саяхат журналистикасының оқытушысы, www.che-che.ru блогеры, ең көне «Вояд» орыс саяхат журналының бас редакторы(Ресей);
— Андрей Пугач – сәулет пен пейзажды суретке түсіруші (Беларусь Республикасы)
— Татьяна Люлька – Community іскерлік басылымының аға редакторы (Украина)
— Максат Чакиев – TheWorld Nomad Games ұйымдастырушысы (Қырғызстан)
— Қайрат Сәдуақасов — «Kazakh Tourism» ҰК басқармасы төрағасының орынбасары
— Санияр Айтекенов — «Astana Convention Bureau» ЖШС директоры
— Зауре Розмат – медиа-менеджер, Steppe.asia жобасының негізін қалаушы
— Руслан Жемков – Еуразиялық Медиа Форумының бас директоры
Форумды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің қолдауымен «Kazakh Tourism» ҰК АҚ ұйымдастырады.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!