Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Елбасын 2 мыңға жуық студент ұшақтан күтіп алды

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Алматыға келген Нұрсұлтан Назарбаевты жастар гүлмен қарсы алып, тұңғыш президентке алғыс білдірді, деп жазылған Ақорданың ресми сайтында.

Елбасын қарсы алуға G-38 студенттік ұйымдарына мүше жоғары оқу орындарының екі мыңға жуық студенті келді.

Олар Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға көрсеткен қолдауы мен тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Елбасы да өзін құрметпен қарсы алған жастарға ризашылығы мен тілегін жеткізді.

«Сендер бақытты жансыңдар: әсем қалада оқисыңдар, әлемге әйгілі елде өмір сүресіңдер. Қазақстан – біздің отанымыз. Біздің міндетіміз – тәуелсіздікті сақтау. Баршаңызға зор денсаулық пен жарқын болашақ тілеймін», — деді Нұрсұлтан Назарбаев студенттерге.



sputniknews.kz