Қазақстанның төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

0

2018 жылғы 25 желтоқсан 06:23 157

Қазақстанның төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Сейсенбі, 25 желтоқсан күні Қазақстан қалаларының көпшілігінде метеорологиялық жағдай жайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Петропавл, Өскемен, Шымкент қалаларында ауа сапасының нашарлайтыны күтіледі. Ал Қарағанды қаласында жағымсыз метеожағдайлар сақталады.

Еліміздің қалған қалаларында метеорологиялық жағдай жағымды болады. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz