Қазақстанның төрт өңірінде коронавирус жұқтырғандар табылған жоқ — Қазақстан жаңалықтары

0

Соңғы 24 сағат ішінде Қазақстанның төрт аймағында коронавируспен ауыратын жаңа пациенттер табылған жоқ,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл — Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Сонымен бірге, ең көп пайыздық өсім Шығыс Қазақстан облысында (31,1% — 23 жаңа КОВИД-19) және Маңғыстау облысында (22,6% — 40 жаңа іс) тіркелді.

Жалпы, соңғы тәулік ішінде Қазақстанда коронавирусты 356 адам жұқтырды. Індет басталғаннан бері жұқтырғандардың жалпы саны 9932-ге жетті.

stan.kz