Қазақстанның танымал актері Үсіпхан Сейтімбет өмірден озды

0

Үсіпхан Әбдікерімұлы Сейтімбет 1960 жылы Келес ауданында туған

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актері, «Құрмет» орденінің иегері Үсіпхан Сейтімбет дүниеден өтті, деп хабарлайды.

«Ол саналы ғұмырын Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына арнап, тума таланты, табиғи дарыны арқасында әр жанрда есте қаларлық сан қырлы образдар галереясын жасады. Халық жадында бойына барлық өнерді қабыстыра білген шебер актер ретінде қалды.
Марқұмның отбасы мен жақындарына, бүкіл театр ұжымына қайғырып, көңіл айтамыз. Жатқан жері жайлы болып, жаны пейіште шалықтасын. Артында қалған ұрпақтарына ұзақ ғұмыр берсін», — деп жазды театр.

Айта кетейік, Үсіпхан Сейтімбет 1960 жылы Келес ауданы, Игілік ауылында дүниеге келді. 1979 жылы Республикалық Эстрада-өнер студиясын бітіріп, Алматы облыстық филармониясына жұмысқа қабылданды. 1983 жылы Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институтына оқуға түсті. Желтоқсан оқиғасы кезінде батырлық пен патриотизм үлгісін көрсетіп, жастар қарсылығын ұйымдастырғаны үшін 1987 жылы екі жылға сотталып, 1989 жылы бостандыққа шықты. Осы жылы институттағы оқуын қайта жалғастырып, тәмамдады. 1990 жылы Мүсірепов атындағы Жасөспірімдер мен балалар театрының актерлік құрамына жұмысқа қабылданды. 1999 жылдан бері М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында актер болып қызмет атқарды.