Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алмас Айдаров

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды. 

«Мемлекет басшысының өкімімен Алмас Айдарұлы Айдаров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды», — делінген ресми хабарламада.

Алмас Айдарұлы 1983 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, ал 2009 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірді. Еңбек жолын 2004 жылы бастаған.

2004-2006 жылдары «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК-да әртүрлі қызметтерді атқарды.

2006 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің жетекші маманы.

2006-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының ресми іс-шаралар мен сыртқы байланыстар бөлімінде сарапшы, Қазақстан Республикасы Президентінің Хаттамасында сарапшы болып жұмыс істеді.

2014 жылдан 2017 жылға дейін «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақ Инвест» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарушы директоры — басқарма мүшесі қызметін атқарды.

2017 жылдың 28 маусымында Қарағанды ​​облысы әкімінің өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ индустрияландыру және инвестициялар жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

2017 жылғы 26 шілдеден бастап «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы директорлар кеңесінің мүшесі болды.

 

stan.kz