Қазақстанның Сыртқы барлау қызметінің директоры тағайындалды

0

Аталған қызметке Ғабит Байжанов жайғасты.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалсын», — делінген хабарламада.

Ғабит Байжанов 1963 жылы туылған.

Еңбек жолы:

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Барлау» қызметі директорының орынбасары (2006 ж.);

«Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (2009-2015 ж.ж.);

«Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры (2015-2018 ж.ж.).

2018 жылы 19 қыркүйекте ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Исатай Бақтиярұлы Сартаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметінен босатылғаны туралы белгілі болды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Исатай Бақтиярұлы Сартаев Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды», — делінген ресми хабарламада.

Исатай Сартаев 1960 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Еңбек жолы:

· «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары (2009-02.2015);

· «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (02.2015-09.2018);

· Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының уақытша міндетін атқарушы (с 19.09.2018)

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz