Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді
Қысқа сілтеме алу
Семей – Үржар бағыты бойынша санитарлық рейс орындаған ұшақ әуежайға қонғаннан кейін жана бастаған
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.
Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан соң болды. Санитарлық рейс орындаған ұшақ Үржарға Семейден ұшып келген.
Өрт шыққан кезде ұшақ бортында адамдар болмаған. Сағат 15:50-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Ұшақ «Тараз Жаңа Әлем» жекеменшік әуе компаниясына тиесілі.
Тағы оқыңыз: Қарағанды түбінде апат: әскери ұшақтың құлаған сәтінің видеосы жарияланды
Бұл факті бойынша индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.
Жеңіл моторлы Ан-2 ұшақтары ауыл шаруашылығында, әдетте алқаптарға тыңайтқыштар мен пестицидтер шашу үшін пайдаланылады.
sputniknews.kz