Қазақстанның Ресейдегі елшісі міндетін кім атқаратыны белгілі болды

0
22

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазақстанның сыртқы істер министрі зейнетке шыққан Иманғали Тасмағамбетовтің орнына уақытша кім келгенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесшісі Нұржан Қажыақбаров елдің Ресейдегі уақытша сенімді өкілі болып тағайындалды. Ол елші тағайындалғанға дейін осы қызметте болады, деді сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.


©
Photo : Посольство Республики Казахстан в России

Нұржан Қажыақбаров Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің уақытша сенімді өкілі болып тағайындалды

«Мен кеше арнайы бұйрыққа қол қойдым. Елшіліктегі екінші адам Нұржан Қажыақбаров Қазақстанның Ресейдегі уақытша сенімді өкілінің міндетін атқаратын болады», – деді ведомство басшысы.

Сыртқы саяси ведомство басшысы елші тағайындалып, Ресей президентіне сенім грамоталары тапсырылғанға дейін осы қызметті Қажыақбаров атқаратынын айтты. 

Президент жарлығымен Иманғали Тасмағамбетов 18 желтоқсан күні Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен босатылған болатын.

9 желтоқсан күні Иманғали Тасмағамбетов 63 жасқа толып, зейнетке шықты.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес, президент мемлекеттік қызметшінің жұмыс мерзімін бес жылға дейін ұзарта алады. Алайда бұл жолы олай болмады.

Тасмағамбетов Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметіне 2017 жылдың 3 ақпанында тағайындалды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз