Қазақстанның қай облыстарын су басуы мүмкін

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Су басуы мүмкін алты өңірдің ішінде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына қауіп төніп тұр

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов су басу қаупі төніп тұрған өңірлерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Наурыз айында синоптикалық ахуал қолайлы болды. Күндізгі және түнгі төмен температура өзен бассейндерінде біртіндеп қар қорын азайтуға мүмкіндік берді. Сәуір айы басталысымен Нұра, Шерубай-Нұра, Есіл, Сілеті, Жабай, Қалқұтан өзендерінде су деңгейі көтерілді. Су басуы мүмкін алты өңірдің ішінде тек екі өңірге – Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына қауіп төніп тұр. Десе де, Ақмола облысында жағдай тұрақталып қалды», – деді Громов онлайн брифингте.

Ол қазір су тасқыны кезеңі штатты режимде өтіп жатқанын атап өтті.

Гидротехникалық нысандарда тәулік бойы бақылау жүргізіледі.

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Ақмола облысы су тасқынының қатерлі кезеңінен өткенін айтты.

«Нұра өзенін қоспағанда, облыстың барлық дерлік өзенінде су деңгейінің қауіпті шектен асуы байқалды», – деді Ильин.

Айтуынша, қазір Петропавл ауданында жағдай ушығып тұр. Алдын алу шаралары қолға алынған. Петропавл су қоймасы 114 процентке толтырылды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз