Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күні: президент мерекемен құттықтады

Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Президент елтаңба, ту, әнұран – тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі екенін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.
«Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Елтаңба, ту, әнұран – тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі. Біз халқымыздың мүддесін қорғайтын күшті, беделді мемлекет құру жолында биік белестерге бірге жетеміз», — деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
sputniknews.kz