Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы тағайындалды — Ел жаңалықтары

0

Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын», — делінген Жарлықта.

Бұған дейін Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болған. 

Ардақ Әшімбекұлы 1977 жылы 1 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. Үйленген, үш қызы мен бір ұлы бар.