Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы тағайындалды — Ел жаңалықтары

Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
«Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын», — делінген Жарлықта.
Бұған дейін Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болған.
Ардақ Әшімбекұлы 1977 жылы 1 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. Үйленген, үш қызы мен бір ұлы бар.