Қазақстанның Маргарет Тетчерге берген ордені Ұлыбританияда 8 миллионға сатылымға шығарылған

0

Қазақстан халқынан Маргарет Тэтчерге арналған «Достық» ордені Ұлыбританияда 8 млн-ға сатылымға шығарылды.

Британдық Peter Harrington компаниясының сайтындағы деректерге сүйенсек, Қазақстанның Ұлыбританияның бұрынғы премьер-Министрі Маргарет Тэтчерге тапсырған «Достық» орденін сату туралы хабарландыру пайда болған. Бұл награда оның жеке мүлкі ретінде есептелінсе керек. Сипаттамаға сәйкес, Маргарет Тэтчер 2001 жылы орденмен марапатталған.

«Бұл жасырын түрде жасалған әрекет сияқты, өйткені марапаттау туралы қоғамдық жазбалар табылмады. Содан бері бұл медаль Хиллари Клинтон, Пан Ги Мун және Ли Куан Юға берілді», — делінген сайтта.

Тэтчер Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірнеше кездесулер өткізген.

«Менің ойымша, президент Назарбаев — КСРО-да сәтсіз әскери төңкерістен кейін қалыптасқан қазіргі қиын жағдайда Одақты сақтау үшін көп нәрсе істей алатын адам. Бұл бүкіл әлемде өте маңызды. Қазір әлемде бес-алты ірі және өте ықпалды саясаткер бар, олардың арасында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та бар. Мен оған өте сенемін және оның Қазақстандағы барлық істерімен келісемін», — деген еді экс-премьер.