Қазақстанның көп облысында күн жауын-шашынды болады
“Қазгидромет” РМК мамандары 12 желтоқсан күні болатын ерекше метеорологиялық құбылыстар туралы болжамды жария етті.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның көп облысында арагідік жауын-шашын жауады, оңтүстік, солтүстік және солтүстік-батыста ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Алматы облысында арагідік тұман түсіп, көктайғақ болады, Жаланашкөл көлі аймағында 18-23 м/с жел соғады, екпіні секундына 28 метрге дейін күшеюі мүмкін. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, Маңғыстау, Атырау облыстарында 15-20 м/с жел соғады. Ақмола, Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында күн тұманды болады, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Қызылорда облысында тұманға байланысты ескерту жариялады.
Дереккөз: Baribar.kz