Қазақстанның Конституциялық соты баланың ұлтын анықтауға қатысты мәселені қарады
Өтініш берген адам қамқорлығына алған баланың ұлтына қатысты дау тапқан
Қазақстан Республикасының Конституциялық соты баланың ұлтын анықтау туралы норманың Ата-заңға сәйкестігін тексерді, деп хабарлайды Kznews.kz
«Дауланып отырған норма баланың ұлтын оның ата-анасының ұлты бойынша анықтап беретін бап. Егер ата-анасының ұлты әр түрлі болса, ол баланың қалауы бойынша жеке куәлігін немесе төлқұжатын алатын кезде әкесінің немесе анасының ұлтына сәйкес анықталады. Болашақта баланың ұлты оның өтініші бойынша тек ата-анасының біреуінің ұлтына өзгеруі мүмкін», — деп жазды Конституциялық сот.
Ал, өтініш түсірген адам осы норма қамқорлықтағы баланың өз ұлтын анықтауға және таңдауға қатысты конституциялық құқығына нұқсан келтіреді және шектейді деп санайды, өйткені баланың қайтыс болған биологиялық ата-анасының ұлты анықталмаған.
«Өтінішті қарау жөніндегі отырысқа өтініш иесі, Парламент палаталарының, Бас прокуратураның, адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, әділет, ішкі істер, ағарту, мәдениет және ақпарат министрліктерінің, парламентаризм, заңнама және құқықтық ақпарат институттарының, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның Қазақстандағы өкілдері, сондай-ақ Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты. Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес соттың ресми сайтында және газеттерде жарияланады», — деп жазды сот.