Қазақстанның ірі электр стансалары жылыту маусымына толық дайын

0

Еліміздегі жалпы электр қуатының 30 пайызы «Самұрық-Энерго» АҚ құрамына кіретін компанияларға тиесілі. Бүгінгі таңда көмірмен жұмыс істейтін барлық электр стансаларында нормаға сәйкес пайдаланылатын қатты отын жинақталған. 

− «Самұрық-Энерго» АҚ-ның барлық энергия өндіре­тін және энергия тарататын ұйымдары жабдықтардың жос­пар­ланған жөндеу жұмыс­тарын дер уақытында аяқта­ды. Бекітілген тәртіппен күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайын­дығы туралы паспорттар алынды, – деді С. Түйтебаев. Оның айтуынша, холдингі­нің «Екібастұз ГРЭС-1», «Екібастұз-ГРЭС-2», «Мойнақ СЭС», «Шардара СЭС», «Алматы электр стансалары» ұйымдары электр және жылу жүктемелері бекітілген кесте бойынша жұмыс істеуде. Сонымен қатар С.Түйтебаев «Богатырь көмір» ЖШС жылу беру маусымына дайындық аясында тапсырыс берушілердің барлық сұранысын орын­да­ғанын атап өтті. Кеніште өн­ді­рілген қатты отынның 80 пайыз­ға жуығы электр энергиясы мен жылу өндіру үшін респу­б­­ли­каның энергия өндіруші кәсіп­орындарына жіберілген. Биыл­ғы 10 айдың көрсеткіші бо­йынша кеніште 36,5 млн тонна көмір өндірілген. 

С.Түйтебаевтың айтуынша, Қазақстанда 2016 жылдан бастап электр қуатының қоры артып қамтамасыз ету тұрғысынан ешқандай тап­шылық туындамаған. Тіпті, «Самұрық-Энерго» АҚ бүгінге дейін көрші Ресейге электр қуатын экспорттап келген. 

Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз