Қазақстанның ең бай азаматы британиялық Формула-1 командасын сатып алды

0

Қазақстандағы ең бай азамат Владимир Ким 6 жарыс командасына иелік ететін Hitech Global Holdings компаниясының 25% акциясын сатып алды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Спорт Шредингера Telegram-арнасының мәліметінше келіссөз құны нақты жарияланбаған. Тек компанияның ресми сайтында Кимнің акция сатып алғаны туралы ақпарат жариялаған.

Hitech Global Holdings компаниясы 2026 жылы Формула-1 жарысына қатысуға рұқсат алған. Бұл үшін компания 20 ай жұмыс істеген.

Владимир Кимнің байлығы 4,6 миллиард доллар деп бағаланған. Әлемдік Forbes рейтингінде ол 591-орында тұр. Кимнің иелігінде KAZ Minerals пен Kazakhmys компаниялары, сонымен қатар RBK банкі бар.