Қазақстанның Елшісі Черногория Президентіне сенім грамоталарын тапсырды




Астана, BAQ.KZ. Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі және Черногорияда қоса атқарушы Елшісі Төлежан Барлыбаев Черногорияның Президенті Мило Джукановичке сенім грамоталарын тапсырды.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың ахуалы мен болашағын талқылады. Елші Черногория Президентіне Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауы, негізгі сыртқы саяси бастамалары туралы хабардар етіп, мемлекет басшылығының мемлекетаралық қарым-қатынастарды жан-жақты нығайту және халықаралық аренадағы өзара іс-қимылын тереңдету бойынша дәйекті бағдарын атап өтті.
Черногорияның Президенті М. Джуканович Подгорицаның Қазақстанмен экономикалық, сауда, мәдени-гуманитарлық қатынастарды жандандыру және саяси диалогты дамытуға қызығушылығын атап өтті. Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтарға жақсы тілектерін білдіріп, Елшіге табысты дипломатиялық миссия тіледі.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ