Қазақстанның екі қаласында заманауи ет өңдеу кешені іске қосылады

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Министрлік трансұлттық компаниялар мен стратегиялық инвесторларды мал шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу секторына тартып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Жыл соңына дейін Нұр-Сұлтан және Қостанай қалаларында екі заманауи ет өңдеу кешені іске қосылады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп, трансұлттық компаниялар мен стратегиялық инвесторларды мал шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу секторына тартып жатыр.

Мәселен, министрдің айтуынша, қазір Tyson Food компаниясын сиыр етін қайта өндеу секторына тартуға қатысты келіссөз жүргізілуде.

«Жобалау кезеңінде қозы етін қайта өндеу бойынша германиялық Бауман компаниясының жобасы бар. Жыл соңына дейін Нұр-Сұлтан және Қостанай қалаларында екі заманауи ет өндеу кешені пайдалануға беріледі», — деді Омаров үкімет отырысында. 

Америкалық AGCO компаниясымен индустриалды балық шаруашылығы бойынша жобаны қаржыландыру басталды.

Сүтті қайта өндеу секторында еуропалық United Green компаниясымен келіссөз жүргізіліп жатыр.

Министрдің айтуынша, аталған жобаларды жүзеге асыру 717 миллиард теңге қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Омаров дағдарысқа қарсы шаралар аясында мал шаруашылығын және инвестициялық салымдарды субсидиялауға қосымша 28,5 миллиард теңге және агроөнеркәсіп кешені саласын несиелендіруге 400 миллиард теңге қаржы бөлінгенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Елімізде өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады

 



sputniknews.kz