Қазақстанның екі өңіріндегі табиғи өрт ауданы 45 мың гектарға жетті

0

Қарағанды және Павлодар облыстарындағы табиғи өрттің ауданы 45 мың гектарға жетті, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Табиғи өртті сөндіру бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда. Айыр, Шөптікөл, Қызылшілік, Атантай, Теректі елді мекендеріне қауіп жоқ. Төтенше жағдайлар Вице-министрі Ерлан Нұрпейісов қазір Қарағанды облысында. Өңірлердің ТЖД басшылығы орналасқан өрт сөндіру далалық штабтары жұмысын жалғастыруда. Қарағанды облысында ашық аумақта 35 мың га алаңда құрғақ шөптің жануы орын алуда. Өртті сөндіру қатты екпінді желмен, таулы жерлермен және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауымен күрделене түсуде», — деп хабарлады дүйсенбіде Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Атап өтілгендей, Қарағанды облысында төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) және өңірдің жергілікті атқарушы органдарының (ЖАО) 386 адам, 64 бірлік техника, ТЖМ әуе кемелері мен Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдары  жұмылдырылған.

«Табиғи өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдар төрт жауынгерлік учаскеге бөлінген. Ұлттық ұланның, Кува орманшылығының, ЖАО, Қарағанды және Ақмола облыстарының ТЖД, ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің күштері мен құралдары қосымша өсуде. Қарақаралы ауданында жылжымалы тамақтану пункттерінің екі бірлігі, азық-түлік және заттай жабдықтауды қамтамасыз ету дайындалды. Сондай-ақ, Қарағанды облысы ТЖД жедел желі телефоны 8 721 2 51 72 23 жұмыс істейді. Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара маңындағы аумағында өрттің жалпы ауданы алдын ала 45 мың га құрады», — деп толықтырды ТЖМ.

фото: ашықдереккөз