Қазақстанның БҰҰ-ға қосылуына үлкен еңбек сіңірген тұлға қайтыс болды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Перулік саясаткер, Біріккен ұлттар ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльяр дүниеден озды

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз  – Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен ұлттар ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльярдың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Оқи отырыңыз: БҰҰ Тоқаевтың шешіміне қатысты пікір білдірді 

Елбасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Назарбаев перулік дипломат пен саясаткер, Біріккен ұлттар ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльярдың қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

«1991 жылы мен оның есіміне Қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымына жаңа мүше болып қабылдануы туралы хат жібергенмін. Хавьер Перес де Куэльяр біздің еліміздің осы Ұйымға қосылу процесіне үлкен еңбегін сіңірген тұлға», – делінген жеделхатта.

«Осынау азалы сәтте саясаткердің отбасы мен туыстарына, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымындағы әріптестеріне қайғырып көңіл айтамын», – делінген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке жолданған жеделхатта.

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз