Қазақстанның бокс құрамасының жаңа құрамы анықталды

0
Спорт

Қысқа сілтеме алу

35 0 0

Жақында ғана спорттың карьерасын аяқтаған Олимпиаданың күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовтың орнына жаңа капитан тағайындалуы тиіс

АСТАНА, 18 қараша — Sputnik. Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысу құқығы үшін қай қазақстандық боксшылар жұдырықтасатыны белгілі болды.

Қазақстанның  бокс федерациясы ұлттық құраманың жаңа құрамын жариялады. Оған Қазақстан чемпионатының жартылай финалына шыққан боксшылар мен жастар құрамасының спортшылары кірді. Отандастарымыз Азия чемпионатына аттанады, онда олимпиадаға жолдама алу үшін бақ сынасатын болады.

Құрамаға жаңа спортшылар Сәкен Бибосынов пен Оразбек Асылқұлов енді.

Құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов атап өткендей, жуырда карьерасын аяқтаған Әділбек Ниязымбетовтың орнына команда капитаны боксшы Бек Нұрмағанбет болуы мүмкін. 

«Ол маңдай терін төгіп, еңбектеніп келеді, халықаралық рингте өзін жақсы көрсетті. Ал Әділбектің денсаулығындағы кінәратқа қарамастан, Риодан кейін команданы тастап кетпеуі жастарымызға, резервтегі боксшыларға септігін тигізді», — дейді бапкер.

Құрама құрамында 91 килограмм салмақ дәрежесінде 2016 жылғы Олимпиада күміс жүлдегері Василий Левит, ал 56 килограмм салмақ дәрежесінде – 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ералиев.

«Левит, Ералиев туралы біреулер «ой, олардың жасы болса, мұнша» деп айтуы мүмкін. Уақыты келгенде, бокстан кетуге өздері шешім қабылдайтын болады. Әзірге олар қатардан қалыспай, жоғары деңгейде жұдырықтасып жүр», — деп пікір білдірді Мырзагғли Айтжанов.

Команда алғаш рет 6-13 желтоқсанда жиналып, бірге жаттығады. Сол кезде жаңа капитан тағайындалмақ. Азия чемпионаты мен әлем чемпионатына дайындық қаңтардан басталады. Жарыстар он салмақ дәрежесі бойынша өтеді, ал Токиодағы Олимпиадада сегіз салмақ дәрежесі бойынша мықтылар анықталмақ.

Бокс бойынша ұлттық құраманың толық құрамын мына жерден көре аласыз.