Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өтті

0

Қоғамдық қабылдаулар Жамбыл облысының Тараз қаласында, Маңғыстау облысының Ақтау қаласында, Ақмола облысының Көкшетау қаласында, Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында, Түркістан облысының Түркістан қаласында облыстар әкімдіктерінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, ТКШ бөлімдері, «Атамекен» ҰКП, «Нұр Отан»партиясы, облыстық Ардагерлер кеңесі өкілдерінің, қоғамдық бірлестіктер мен өңірлік БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті. Оған 300-ден астам адам қатысты.

Комитет Департаменттерінің басшылары құттықтау сөз сөйлеп, Департаменттердің қызметі табиғи монополиялар субъектілерін тарифтік реттеуге, табиғи монополия, реттелетін нарық, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауға, энергия және ресурс сақтауғабағытталған іс-шараларды іске асыруға, тауар нарықтарында адал бәсекелестік үшін қолайлы жағдайлар жасау және ұстап тұруға бағытталғанын атап өтті. 

Сондай-ақ инвестициялық бағдарламаларды айқын орындауды және кәсіпорынға бөлінген жөндеу қорын игеруді, сондай-ақ жөндеу қорын игеру және инвестициялық бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын көрнекі пайымдау мақсатында тұтынушылар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз турлары мен қоғамдық тыңдаулар өткізілгені атап өтілді. Осы жұмыстың нәтижелері туралы БАҚ парақтарында және ресми сайттарда кеңінен жария етілді.

Осы кезеңде халық жүгінген негізгі мәселелер электрмен, жылумен және сумен жабдықтау саласында тариф белгілеу,тарифтердің өзгеруіне және үйдің жалпыға ортақ есепке алу аспаптары бойынша қайта есептеуге байланысты жылуға ақы төлеуді есептеу тәртібі, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау, ұялы байланыс, телекоммуникациялар және басқа да мәселелерге қатысты болды. 

Барлық сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берілді, бұл ретте уәкілетті орган қосымша зерделеуді талап еткен сұрақтарды бақылауға алды. 

Мысалы, Ақмола облысында өткен Қоғамдық қабылдауға Ақмола соғыс және еңбек ардагерлері облыстық кеңесі қоғамдық бірлестігінің атынанзаңнамалық нормативтермен жұмыс және ардагерлердің әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасыРашит СафиуличГайнуллин қатысты.

Ол бірінші қажеттілікті тауарлардың бағаларын зерделеу, Департамент тарапынан қандай ден қою шаралары қабылданды, сондай-ақ Департамент тарапынанҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауы шеңберінде Көкшетау қаласында электр энергиясына, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтауға тарифтерді төмендету бойынша қандай жұмыстар жүргізілгені туралы мәселені көтерді.

Қоғамдық қабылдаулар тұтынушылардың коммуналдық қызметтер саласында тариф белгілеумен байланысты проблемаларын анықтау мақсатында жұмыс істейтінін және еліміздің барлық өңірлерінде апта сайынғы негізде өткізілетінін атап өткен жөн.