Қазақстанның бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Синоптиктердің болжамынша, ертең бірнеше өңірде бұрқасындатып, қатты жел соғады, көктайғақ болады
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. «Қазгидромет» РМК республиканың бірқатар облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
13 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасындатады, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанай қаласында да – бұрқасын, жел (15-20 м/с).
Ал Солтүстік Қазақстан облысында кейбір аймақтарда бұрқасын соғады, тұман түседі. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы түнде және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін барады деп болжанып отыр. Петропавлда да бұрқасындатады, жел күшейеді.
Сондай-ақ, ертең Ақтөбе облысының кей жерлерінде – бұрқасын, көктайғақ, жел (15-20 м/с). Ақтөбе қаласында түнде бұрқасындатып, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 18 м/с дейін барады.
13 қаңтарда Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі.
Тағы оқыңыз: Көктайғақта қалай дұрыс құлау керек? Астаналық дәрігерден кеңес
13-15 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ. 13 қаңтарда күндіз, 15 қаңтарда тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады деп ескертті синоптиктер.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/