Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

0

Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет ауа райына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады.

28 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде жауын-шашын, түнде қатты жауын-шашын, кей жерлерде бұрқасын соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Орал қаласында 28 желтоқсан күні оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді, қатты жауын-шашын жауып, бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады.

28-30 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел моғып, көктайғақ болады.

28 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз бұрқасын соғып, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

28 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с-ға жетеді.

Петропавл қаласында 28 желтоқсанда жаяу бұрқасын соғып, оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ