Қазақстанның бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды
Алдағы күндері қатты жел соғып, көктайғақ болады, тұман түседі. Оңтүстіктегі таулы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. «Қазгидромет» РМК республиканың бірқатар өңірінде дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ертең Түркістан облысында күндіз ауа райы – жауын-шашынды. Тәулік бойы кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23-28 м/с дейін барады.
Дәл сол күні Шымкентте де жауын-шашын болжанып отыр. Тәулік бойы соғатын желдің екпіні таңертең және күндіз 25 м/с дейін күшейеді.
Түркістан қаласында да қатты жел тұрады (екпіні 25 м/с).
Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болады деп ескертті синоптиктер.
15-16 қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, ал екпіні ертең күндіз және 16 қаңтарда түнде 23-28 м/с дейін барады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Тағы оқыңыз: Көктайғақта құламау үшін не істеу керек?
Таразда да тұман түсіп, қатты жел соғады – екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін.
Тағы оқыңыз: Ғалымдар 2019 жылы адамзатты не күтіп тұрғанын болжады
Сондай-ақ, қатты жауын-шашынға байланысты 15-16 қаңтар күндері Жамбыл, Түркістан және 16 қаңтарда Алматы облыстарының таулы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/