Қазақстанның бірнеше БАҚ-ы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған жобаны іске қосты

0

1941 жылдың 22 маусымында сұрапыл Ұлы Отан соғысы басталып, миллиондаған азамат қолына қару алып, қан майданға аттанды, елі, жері, болашақ ұрпақ үшін жан тапсырды.

Олар бізге жеңіс сыйлады. Бүгінгі бейбіт аспан астында өмір сүруге, адал еңбек етіп, отбасы құруға, өз балаларымызды тәрбиелеуге, келешегі зор мемлекет құруға мүмкіндік берді. 200 мың қазақстандық қан майданнан оралмады.

Аталарымыздың жан алысқан ерлігінің арқасында осы қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманға қол жеткіздік. Бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа аталар ерлігін көрсету, осы адамдардың арқасында бейбітшіліктің келгенін түсіндіру – біздің парызымыз.

Қайғы мен қасіретке толы және мәңгі жадымызда болатын күні Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігі, «Комсомольская правда в Казахстане», «Аргументы и факты в Казахстане» және «Время» газеттері келесі жылы 9 мамырда бүкіл әлем атап өтетін Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арналған бірлескен жобаны іске қосады.

Бұл жобаны «СТРОКИ ПАМЯТИ, ЛИКИ ПОБЕДЫ» деп атадық.



sputniknews.kz