Қазақстанның бірнеше азаматы Мирзиёевтен марапат алды

0

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанның бірнеше азаматын марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Дустлик» («Достық») орденімен:
  • Мемлекеттік кеңесші Қарин Ерлан Тынымбайұлы;
  • Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Желдібай Руслан Сұлтанұлы;
  • вице-премьер Жұманғарин Серік Мақашұлы;
  • Мәдениет және ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызы;
  • Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов;
  • Қазақстан Республикасы өзбектер этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы Хашимжанов Икрам Акрамұлы.