Қазақстанның бас прокуратурасы саунада сауық құрған судьялар мен прокурорлар түсірліген видеоны тексеретін болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысында моншада сауық құрған судьялар мен прокурорлар түсірліген видеоны Қазақстанның бас прокуратурасы тексеретін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

сауна

Бұл туралы ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында авторы саунада судья мен прокурордың қатысуымен болғаны туралы бейнежазба таратылуда. Аталған факті бойынша бас прокуратураның Ішкі тергеп тексеру департаментімен тексеру жүргізуде. Тексеру аяқталғанға дейін мерзімінен бұрын қорытынды жасамауға кеңес береміз. Оның нәтижелері көпшілікке жеткізілетін болады», — делінген ресми хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында «судьялар мен прокурорлардың» моншадағы демалысы түсірілген видео таралған болатын. 

stan.kz