Қазақстанның барлық ірі қалалары карантинге жабылуы мүмкін — Тоқаев тапсырмасы — Қазақстан жаңалықтары

0

Тоқаев

«Қазір бәріміз күрделі ахуалды бастан өткеріп жатырмыз. Осы орайда, билік органдарына зор жауапкершілік жүктеледі. Мұны естен шығармайық. Бұл міндетті баршамыз абыроймен атқаруымыз керек. Үкімет, Ұлттық банк және басқа да органдардың қолға алған жұмыстары туралы мәлімет алдық. Енді, елдегі тұрақтылықты сақтауға арналған  басқа да шараларға тоқталайын.

БіріншіКоронавирустың таралуына қарсы жұмыстарды күшейту.  Өздеріңіз білесіздер, жаһандық індет ушығып барады.

Бүкіл әлем бойынша бұл дертке  300 мыңнан астам адам шалдықты. Вирустың таралу жылдамдығы  бәсеңдемей отыр. Әлем елдері індетпен барынша күресуде. Менің тапсырмам бойынша елімізде төтенше жағдай жарияланды. Елордамыз бен Алматыда карантин режимі енгізілді.

Мұны дер кезінде қолға алынған шаралар деп есептеймін. Елорда мен Алматыда карантин аймағының толық оқшаулануын қамтамасыз ету, жаяу қалаларға ену мүмкіндігін болдырмау маңызды. Жақын уақытта басқа ірі елді мекендерді жабу қажеттілігін анықтау қажет», — деп жазды президент .

stan.kz