Қазақстанның барлық әуежайы 25 мамырдан ашылады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Әуе компаниялары қалалар арасындағы рейстер санитарлық-карантиндік шараларды ескере отырып өздері анықтайды

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстанның барлық әуежайы тұрақты ішкі рейстер үшін 25 мамырдан бастап ашық болады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

«25 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайы ішкі тұрақты рейстер үшін ашылып, ішкі әуе нарығындағы бағыттардың жандануына ықпал етеді», — делінген хабарламада.

Жазда әуе тасымалына сұраныс көбейетіндіктен, әуе компаниялары қалалар арасындағы рейстер санын денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-карантиндік шараларын ескере отырып өздері анықтайды.

Атыраудан ұшатын рейстер

25 мамырдан бастап Атыраудан республиканың өзге қалаларына әуе рейстері қайта ашылады.

«Эйр Астана» компаниясы Атырау–Алматы, Атырау–Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша аптасына 7 рейс орындайды.

SCAT Атырау–Нұр-Сұлтан бағытына аптасына 5 рейс, ал 1 маусымнан бастап 7 рейс жоспарлап отыр. Атырау – Ақтау бағыты бойынша аптасына 7 рейс, ал 1 маусымнан бастап 14 рейс орындайды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда пойыз билеттері сатыла бастады

«Qazaq Air» компаниясы Атырау-Ақтау, Атырау-Ақтөбе, Атырау-Орал бағыттары бойынша аптасына 4 рейс, Атырау-Шымкент бағытына аптасына 7 рейс жасайды.

«Fly Arystan» лоукостері шілдеден бастап Атырау-Шымкент бағыты бойынша аптасына 3 рейс орындайды.

Рейстер әуе компанияларының ресми сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Ұшақтардағы жаңа ережелер

Ұшақтарда маска тағу, қолғап кию міндетті. Жолаушылардың дене қызуы өлшенеді. Бортқа отырғанға дейін әлеуметтік ара қашықтық сақталуы тиіс. Әуежайлар мен ұшақтарда күшейтілген дезинфекция жүргізіледі.

Бұған дейін елдің 13 қаласына рейстер ашылған еді: 1 мамырдан – Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында; 5 мамырдан –  Семей, Өскемен, Петропавл, Қызылордаға; 11 мамырдан – Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Қарағанды, Талдықорған, Кокшетау, Қостанай.

Сонымен қатар, Шымкент, Ақтау және Орал қалаларынан Нұр-Сұлтан және Алматыға ұшақтар ұша бастады.



sputniknews.kz