Қазақстанның барлық аймақтарында карантиндік шаралар күшейтілді — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР мемлекеттік бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысына сәйкес, Қазақстанның барлық аймақтарында карантин шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

карантин

Бас санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес облыстардың әкімдері: 

  1. халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлерін, медициналық көрсетілімдер бойынша шығатын және кіретін адамдарды, сондай-ақ карантин енгізілген кезеңде стационарларда және карантиндік және провизорлық стационарларда бақылауда болған адамдардың шығуын қоспағанда, облыс орталықтарының, қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің аумағынан шығуға және оған кіруге тыйым салуды;
  2. авариялық-құтқару, жедел медициналық жәрдем қызметтерінің  қолжетімділігін және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді ескере отырып, карантиндік аймаққа кіру/шығу пункттерін айқындауды;
  3. қала бойынша және аудандар, ауылдық елді мекендер арасында орамдар мен секторларға бөле отырып, блок-бекеттерді орната отырып, карантиндік аймақта жүріп-тұруды шектеуді; 
  4. Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің қызметкерлерін тарта отырып, COVID-19-мен сырқаттанушылық тіркелген ауылдық елді мекендерді қоршауды; 
  5. әуежайдың, теміржол вокзалының, автовокзалдар мен автостанциялардың қызметін тоқтата тұруды, қалааралық, ауданаралық автобус қатынастарына, сондай-ақ жеке тасымалдауға тыйым салуды;
  6. екінші деңгейдегі банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінің, айырбастау пункттерінің қызметін онлайн жұмыс режиміне және «клиенттерге дейін жеткізу» принципі бойынша көшіру арқылы тоқтата тұруды; 
  7. меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметін тоқтата тұруды;
  8. жәрмеңкелердің, азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар базарларының, автомобиль, киім-кешек, мал базарлары мен адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің жұмысын тоқтата тұруды; 
  9. қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұруды;
  10. ауылдық елді мекендер ішінде тұрғындардың жүріп-тұруына тыйым салуды енгізуді;
  11. Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінің күштерін тарта отырып, карантиндік аумақты патрульдеуді; 
  12. тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететіндерді қоспағанда, барлық кәсіпорындардың/ұйымдардың қызметін тоқтата тұруды;
  13. діни мақсаттағы объектілердің жұмысын тоқтата тұруды;
  14. облыс орталықтарының, қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің ішінде жеке көліктің қозғалысын шектеуді;
  15. бір отбасы мүшелерін қоспағанда, көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда үш адамнан артық топпен жиналуды шектеуді;

16) қажет болатын: 

— азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу;

— жұмысқа шығу жағдайларын қоспағанда, тұрғындардың тұрғын үйден шығуын шектеуді; 

17) тұрғылықты жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды; 

18) 65 жастан асқан адамдарға және он сегіз жасқа толмаған адамдарға тұрғын үйден алып жүретін адамсыз шығуына тыйым салуды; 

19) карантин режимін сақтамайтын адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартуды; 

20) карантин кезеңінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің тізбесі мен жұмыс режимін айқындауды; 

21) қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты облыс орталықтарының, қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің аумағында жүріп-тұруға рұқсат етілген адамдардың тізбесін айқындауды; 

22) COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттердің шұғыл көрсетілімдері бойынша емдеуге жатқызуға арналған көп бейінді стационарларды айқындауды тапсырды.

stan.kz