Қазақстанның ауыл әйелдері пандемия кезінде бизнес жүргізуге үйреніп жатыр

0

Бүгінде елдің аграрлық секторында ауыл әйелдерінің жартысынан астамы жұмыс жасайды. Олар жеке аулаларда ауыл шаруашылығы өнімін шығарады, жеке және отбасылық бизнесті белсенді басқарады, сондай-ақ шаруа қожалықтарының басшылары болып табылады. Осыдан ауылда әйел кәсіпкерлігін дамытудың жоғары әлеуеті байқалады.

«Жасыл экономиканы» және G-Global-ды дамыту коалициясы, «Coca-Cola» халықаралық қайырымдылық қоры және «Әлеуметтік Қарқын» Қоғамдық Қоры Әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссияның, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және аудандық әкімдіктердің қолдауымен сегізінші жыл қатарынан тұрақты табысқа қол жеткізу үшін өзінің шағын бизнесін ашуда және сәтті дамытуда қажетті ақпаратпен және дағдылармен қамтамасыз ете отырып, әйелдер үшін оқыту семинарлары мен менторлықты өткізеді. Бағдарламаға миллионнан астам АҚШ доллары бөлінген.

«Бұл жыл біз – жобаның әріптестері – үшін барлық жағынан ерекше жыл. Пандемия салдарынан да, сонымен бірге осы жылы біз оқыту семинарларын бірнеше есе арттыруды, www.businessteam.kz сайты арқылы бизнес негіздеріне онлайн-оқыту, «Жеке Аула Шаруашылықтары» онлайн мектебін ашу, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірлерін қамту арқылы жобаның географиясын кеңейту сияқты жаңашылдықтарды енгізу салдарынан да. Карантинді енгізумен байланысты онлайн-оқыту ерекше өзектілікке ие болды. Біз барлық семинарларды онлайн режиміне ауыстыруға жедел ауысып, көктемде мыңға жуық адамды оқытып шықтық. Маусымда біз барлық ниет білдірген адамдарды оқыту үшін өңірлерге сапар жасай бастадық – әрине, барлық санитариялық нормаларды қатаң сақтай отырып», —  деп хабарлады жоба жетекшісі, «Әлеуметтік Қарқын» Қоғамдық Қорының директоры Елена Ожго және Салтанат Рахимбекова (Жасыл экономика коалициясы).

 

«Coca-Cola Белестері» білім беру жобасының негізгі мақсаты – ауыл әйелдерінің кәсіпкерлік және қоғамдық әлеуетін ашу мен күшейту, әйелдерге өзінің шағын бизнесін жылдам бастауда нақты мүмкіндіктер ұсыну, аталған бизнес әйел мен оның отбасына ғана емес, бүкіл жергілікті қоғамдастыққа табыс алып келеді, сол арқылы Қазақстан қабылдаған 2030 жылға дейінгі Орнықты Даму Мақсаттарына сәйкес ауыл халқының тұрмыс сапасы, ауыл аумақтарының экономикалық және экологиялық дамуы артады.

 

Кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан бөлек тренингтердің бағдарламасы әйелдерді Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолдау құралдарымен таныстыруды, он жеңімпазы өзінің бизнес-идеясын жүзеге асыруға грант иеленетін үздік бизнес-идеяға арналған «Coca-Cola Белестері» жыл сайынғы байқауға қатысу шарттарын таныстыруды, сондай-ақ «Жеке Аула Шаруашылықтары» онлайн-мектебінде оқу мүмкіндігін ескереді.

 

2020 жылы Қазақстанның 14 өңірінде 10,000-нан астам ауыл әйелін тренингтермен қамту жоспарланып отыр.

 

Блиц-тренингтердің бағдарламасы маусым айының алғашқы күндерінде басталды және қазіргі уақытта 2,000-нан астам ауыл әйелі оқып шықты. Ақтөбе облысында 96 адам, Алматы облысында 240, Атырау облысында 33, Павлодар облысында 22, Түркістан облысында 1000, Солтүстік Қазақстан облысында 77, Қызылорда облысында 145, Қостанай облысында 71, Жамбыл облысында 443 адам оқып шықты.

 

«Coca-Cola Белестерi» жобасы бүкіл Қазақстан бойынша ауыл әйелдерін іскерлік тренингтерге қатысу, қаржы білімі мен дағдыларын, жетекші мамандардың консультацияларын алу арқылы бизнеске тартуға бағытталған. Сондай-ақ жыл сайын үздік бизнес-идеяға арналған республикалық байқаудың 10 жеңімпазы 4000 АҚШ доллары мөлшерінде қаржылық көмек алады. Бүгінде байқаудың 61 қатысушысы өзінің бизнес-стартаптарын дамытуға гранттар алды, 150-ден астам қосымша жұмыс орнын ашты. Жобаның көптеген қатысушылары шағын бизнесті қолдаудың ұлттық қорынан немесе туыстарынан қаржылық қолдау алды, сондықтан аталған жоба негізінде сәтті дамып жатқан бизнес саны айтарлықтай көп. Бағдарламаға қатысу тегін болып келеді, өтінімдер www.ccb.kz сайтында қабылданады. Ал өзінің агробизнес идеясын айқындап, егжей-тегжейлі нұсқаулықтарды алғысы келетіндер, мысалы, жылыжайда саңырауқұлақ, көкөніс өсіру немесе қаздарды өсіру үшін «Жеке Аула Шаруашылықтары» мектебінің http://farmerschool.kz  сайтында оқыту бағдарламалары мен вебинарлар қолжетімді болып келеді», — деп мәлімдеді жоба әріптесі, «Жасыл экономиканы» және G-Global-ды дамыту коалициясы ЗТҚ Басқарма төрағасы Салтанат Рахимбекова.