Қазақстанның алты өңірінде бұрқасын болып, қатты жел соғады
2018 жылғы 26 желтоқсан 18:49 98
АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстанның алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
27-28 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, оңтүстік-шығыс желінің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ақтөбеде 27 желтоқсан түнде бұрқасын болады, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с болуы ықтимал.
27 желтоқсанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Дауыл ықтималдығы — 90-95%.
27-29 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түсіп, жолда көктайғақ болады. Дауыл ықтималдығы — 90-95%.
27 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түсіп, күндіз боран болады. Оңтүстік-шығыс желінің жылдамдығы 18 м/с болуы ықтимал. Дауыл ықтималдығы — 90-95%.
27 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысына жауын-шашын жауады. Кей жерлерге тұман түсіп, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыс желі 17-22 м/с-ке дейін жетеді. Оралда 27 желтоқсанда жауын-шашын жауып, тұман түседі, бұрқасын, көктайғақ болады және жылдамдығы 18 м/с болатын оңтүстік-шығыстан жел соғады. Дауыл тұру ықтималдығы — 95-98%.
27 желтоқсанда түнде Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды, 27-29 желтоқсанда кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады. 27-29 желтоқсанда Атырауға тұман түсіп, көктайғақ болады. Дауыл ықтималдығы — 85-90%.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz